Аль Nasr - ДАЛА ЕРЛЕРІ (feat. RaiM) текст песни
Аль Наср [Назар Шархан] Казахстан
RaiM [Райымбек Бауыржанұлы Бақтыгереев] Уральск, Теректинский, Западный Казахстан 🇰🇿
Фанаты активно выражают свои эмоции и восторг в отношении этого произведения. Первое впечатление от песни и клипа собралось множество положительных комментариев, и многие высоко оценивают творческий подход к созданию музыкального контента. Одни выражают восторг от атмосферы песни, подчеркивая качество клипа и его кинематографический подход. Есть отзывы о выдающемся исполнении и организации сценических моментов. Фанаты отмечают уникальность и креативность артистов, а также визуальное воздействие видеоклипа. Некоторые высказывают надежду на то, что этот клип станет успешным и популярным в онлайн-пространстве, а также выражают интерес к фильму "Дәстүр" и ждут его выхода.
[Аль Nasr - ДАЛА ЕРЛЕРІ feat. RaiM текст песни]
Бисмилля деп атқа қондым, көкейімде байғатым
Есімін ер деп атап қойған, байқасын деп қайратын
Мәңгілікте ғой отаным, қорқыта алмайды-ау сұм өлім
Мың өлгендер мың тіріліп, тақымын атқа байлайтын
[Өлең 1]
Қара құлын ат болып, игерді жол торабын
Тітіркене тәні, сыпқыта ішті тау бұлағын
Тегі көшпелі, беу, ахау-керім
Текті деп біле жүр, бұл даланың еркектерін
Ләббәй, Раббым, Ләббәй дейтұғын
Кешегілердің түбін құртқан мына жат ұғым
Ғұнның Еділінен білді кім, опық жерін?!
Танып ал енді, бұл даланың еркектерін!
Үрген ит қамшы жер, әуелі жатып ішер
Байырғы алып ер, толқумен күн кешер
Семсерінің әсері күшті деп айтпас еді
Білмесе егер, бұл даланың еркектерін!
Әскері жаушының, игеріп тау шыңын
Ауырды төмпештеп, жүгіңді арқалаушы ұлың
Құлың болуға даяр, жұлмаланып тілінсе де
Шегедей мықты ер, шекеге оқ тисе де!
[Қ/сы]
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!
[Өлең 2]
Теңіздің тереңіне батсаң, ерді ойла
Тәніңнен көлеңке кетсе, ерді ойла
Үйде тірлік көп деп мұңайма
Нәпақа тауып жүрген еркектерге оңай ма?
Далаңды өрт жалмап өтсе, ерді ойла
Жесір болып көңіл босаса, ерді ойла
Тау шыңына қыр ассаң, даңдайсыма
Бақыт деу қиын, жалғыз басты мұндайда
Жер шарын шарлап бас, енді ұғасың
Құдірет тауып күш алсаң, ер туарсың
Туған ұлың бұл даланың еркегі болар
Оларға міне, әкенің тегі қонар
Бисмилля деп атқа қонар, көкейінде байғаты
Табиғатында бар қайраты мен айбаты
Қай қатын жоқ қылар, ашып етектерін?!
Байлау қиын, бұл даланың еркектерін!
[Қ/сы]
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!