Кайрат Нуртас - Перзент сыры текст песни
Қайрат Нұртас [Туркестан, Чимкентская обл, Казахстан] 🇰🇿
[Кайрат Нуртас - Перзент сыры текст песни]
Ана, сенiң өмiрiң ғажап үлгi
Өткен күнге отырсың шүкiр айтып
Құтқа балап кешкен мың азабыңды
Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ
Еңсенi езген сыр бермей нала-мұңға
Сен қатесiн кешiрдiң баланың да
Тұрды ананың мейiрiмi жанарыңда
Тұрды әкенiң ашуы қабағыңда
Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ
Жүзiңдi әжiм барады көлеңкелеп
Аңғармадым, жүрдiм де мен еркелеп
Мынау ғазиз әлемнiң жылуынан
Махаббатың, шуағың ерек-бөлек
Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ