R-ONE - Ғажайып Ғаламшарым текст песни

R-ONE [Казахстан]

[R-ONE - Ғажайып Ғаламшарым текст песни]

Талдырып жанарымды
Тосып әр жаңа күнді
Іздеумен жүрдім қанша
Өзімнің адамымды
Мен сенен таптым сол бір
Ғажайып ғаламымды
Ұнаттым күлгеніңді
Жадырап жүргеніңді
Өзіңді жолықтырған
Шын сүйіп бұл өмірді
Мен саған ойланбастан
Ұсындым жүрегімді

Ғажайып ғаламшарым
Сен болдың маған жаным
Жаратқан сұлулықтың
Сыйлаған саған бәрін
Ең сұлу әуеніммен
Тек саған ән арнадым
Ғажайып ғаламшарым
Бақытқа жол ашқаным
Тек менің аспаныма
Жұлдыздай жарасқаным
Өзіңмен өтсін бірге
Бүгінім,болашағым

Жылытып таңдарымды
Қадірлеп таңдауымды
Жарыққа бөлеп менің
Айнала жан жағымды
Келесің орындап сен
Менің бар арманымды
Сен үшін менде жаным
Барымның салам бәрін
Дайынмын орындауға
Жаныңның бар аңсауын
Сүйемін сені шексіз
Ғажайып ғаламшарым

Ғажайып ғаламшарым
Сен болдың маған жаным
Жаратқан сұлулықтың
Сыйлаған саған бәрін
Ең сұлу әуеніммен
Тек саған ән арнадым
Ғажайып ғаламшарым
Бақытқа жол ашқаным
Тек менің аспаныма
Жұлдыздай жарасқаным
Өзіңмен өтсін бірге
Бүгінім,болашағым

Интерпретация для


Добавить интерпретацию

Добавить расширенную интерпретацию

Если вы знаете, о чем поет исполнитель, умеете читать «между строк» и знаете историю песни, вы можете добавить интерпретацию текста. После проверки нашими редакторами мы добавим ее как официальную интерпретацию песни!

Последние добавленные интерпретации к текстам песен

Интерпретировать